Орталығымызда көптен күткен көңілді Наурыз мерекесі тойланды – ҚАЛАЛЫҚ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ

Орталығымызда көптен күткен көңілді Наурыз мерекесі тойланды. Қызметкерлеріміз түрлі-түсті ұлттық киімдермен би билеп, өлең айтып, қойылымдармен нағыз мереке өткізді. Шақырылған құрметті қонақтарымыз «Отырар» және «Жетісу» ауылдарының наурыз көжесінен, қазақ және ұйғыр ұлттық тағамдарынан дәм татып, бағалау бұйырды. Сонымен қатар салт – дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы тамаша театрландырылған қойылымға тәнті болды. «Жетісу» ауылының үш бөлімнен тұратын әзілге толы қазақ-ұйғыр тойын және «Отырар» ауылының қазағымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлері бесік тойын, тұсау кесер мен сүндет тойын тамашаладық. Сайыстың соңы қызу Арқан тартыспен аяқталды. Қызметкерлеріміз таланттарымен барлық қонақтарды таң қалдырған, естен кетпес мереке болды.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!!!

Орталығымызда көптен күткен көңілді Наурыз мерекесі тойланды