Рахмет хат – ҚАЛАЛЫҚ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ

Менің інім-Тастанов Нұрлан өте қатты ауырып, өз еркімен жүріп тұра алмай, Светлана Мыңбасова, дәрігер- Жадра т.б. мейірімді адамдардың көмегімен осы емханаға жатты.Бұл емханаға келгенде жағдайы өте нашар болып кеткен еді.Дәрігер-Қызғаным Жалғажирқызының қарамағағында емделді.Мен Нұрланның әкпесімін.Менде басқа бауырларымда дәл осы емханада жасалған күтімді еш жасайалмас едік. Мен өте қатты таң қалдым,біздің елдегі дәрігерлердің ішінде де мейірімді, жүрегі жұмсақ ,иманды білікті мамандар бар екеніне.Дәл осы дәрігер- Қызғаным Жалғажирқызы.Бауырым осы дәрігердің шексіз мейірімінің арқасында бір екі ай болса да артық өмір сүрді.Ауруға еңбірінші ем- дәрігердің мейірімі мен ыстық ықласы, оны ары қарай өмір сүруге болатына сендіру,екінші кезекте дәрі дәрмек пен өте жақсы күтім. Мен осы емхананың ұжымына, басқарып отырған басшысына,сонда ауруларға күтім жасайтын медбикелерге, айырықша алғысы Нұрланға күтім жасаған медбикеге,ӨТЕ АЙЫРЫҚША-ҚЫЗҒАНЫМҒА БАСЫМДЫ ИІП ТҰРЫП МЫҢ АЛҒЫС АЙТАМЫН.Себебі Нұрланның денесін жұған туыстарым, ауданымыздың бас молдасы қатты риза болып АЛҒЫСТАРЫН АЙТТЫ.Денесінің бір жері де қызарып, не бүлінбеген сүмбілдей болып жатты.Тап тазасы сонша себетін иіссуды сеппеді.Қызғанымға және барлық емхананың ұжымына МЫҢ АЛҒЫС АЙТАМЫН!!!???.Барлықтарыңызға денсаулық тілеймін, отбастарыңызда БАҚЫТТЫ жақсы заманда төрт құбылаларыңыз тең,жұмыстарыңызда тек нәтежелі, сапалы еңбек етіп, еңбектеріңіздің рахатын көрулеріңізге шын жүректен жан тәніммен тілеймін.Барлығыңызды АЛЛАМ ҚОРҒАП, МЕЙІРІМІ МЕН РАХЫМШЫЛЫҒЫН НӘСІП ЕТСІН?????????Ізгі ниетпен Ұлбике апаларыңыз.

Рахмет хат