Қалалық паллиативтік көмек орталығында ұжым арасында Конституциялық реформа талқыланды. Заңгер референдумға шығарылатын еліміздің негізгі Заңының баптарындағы өзгерістер туралы айтып берді.
Жерге, оның жер қойнауы мен байлығына меншік құқығы, өлім жазасына толық тыйым салу, Конституциялық сотта конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау және т.б. сияқты мәселелер алғаш рет Қазақстанның барлық азаматтарының пікірін ескере отырып шешілетін болады.
Алдағы референдумның табысты өтуі көбінесе азаматтардың белсенділігіне, яғни бізге байланысты болатыны атап өтілді. Біз барлығымыз алдағы 2022 жылғы 5 маусымдағы референдумға қатысып, Конституциядағы ең маңызды өзгерістер үшін дауыс беруге тиіспіз. Бұл біздің әрқайсымыз үшін жаңа Қазақстанның құрылысына үлес қосуымызға берілген мүмкіндік.
Қалалық паллиативтік көмек орталығында ұжым арасында Конституциялық реформа талқыланды.