«
Құрметті алматылықтар және қала қонақтары!
Біз сіздерді Алматы қаласының паллиативтік көмек көрсету орталығының ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз.
Паллиативтік көмек орталығының ұжымы пациенттің өмір сүру сапасын жақсарту және ауыр емделмейтін аурулардан зардап шегуді азайту мақсатында оның игілігі үшін жұмыс істейді.
Кез келген өтініш назардан тыс қалмайды, барлық ұсыныстар мен ескертулер назарға алынады және бізге медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіруге көмектеседі.
Құрметпен, Әйгерім Серікбайқызы

Өмірбаяны
Аяғанова Әйгерім Серікбайқызы
- Жоғары санатты дәрігер-терапевт, жоғары санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі.
- Еңбек жолын 1991 жылы Қызылорда облысы орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің медбикесі ретінде бастаған.
- Ақтөбе медицина академиясын бітіргеннен кейін 1998 жылы Қызылорда қаласының №6 қалалық емханасында учаскелік дәрігер-терапевт, кейін терапевтикалық бөлімшенің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
- Мемлекеттік қызметте – Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының лицензиялау бөлімінің бас маманы.
- 2009-2012 жылдары Алматы қаласы №6 қалалық емханасының терапия бөлімшесінің меңгерушісі.
- Стационарда дәрігер –сарапшы ретінде жұмыс тәжірибесі бар, 2013 жылдың мамыр айынан бастап-Алматы қаласының көп бейінді стационарларында медициналық қызметтердің сапасын бақылау, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бойынша бас дәрігердің орынбасары.
- 2017 жылдан 2020 жылдың қазан айына дейін Алматы қаласы "Жас Қанат" алғашқы медициналық - санитарлық көмек орталығының бас дәрігері.
- 2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы Қалалық паллиативтік көмек орталығының директоры.
- ҚР ДСМ "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталған
- "Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" РҚБ мерейтойлық медалімен,
- Алматы қаласы әкімінің, ҚР Денсаулық сақтау министрінің, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
Алматы Қалалық паллиативтік көмек орталығының директорына сұрақ қою
«Назар аударыңыз! Сұрақтар немесе «Алматы қаласы паллиативтік көмек қалалық орталығының директорына сұрақ қою» айдарындағы ақпарат электрондық өтініштер болып табылмайды және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қарастырылмайды