2023 жылғы 02 наурыз және 06 наурыз күндері Алматы қаласы Қалалық паллитативтік көмек орталығының мәжіліс залында «2023 жылғы 1 қаңтардан бастап декларациялаудың 2-ші кезеңін енгізу туралы» тақырыбында қызметкерлер үшін семинар-сабақ өткізілді. Комплаенс қызметінің маманы Г.С.Тауова бейнеролик көрсете отырып, орталық қызметкерлері активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның қандай нысанын тапсыратынын, декларацияны қағаз тұрғысында және электрондық нұсқада ұсыну мерзімдері мен тәсілдері туралы, қандай ақпаратты көрсету қажеттігін түсіндірді.
«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап декларациялаудың 2-ші кезеңін енгізу туралы»