Халықаралық мейіргерлер күнімен – ҚАЛАЛЫҚ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ

Бүгін 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні.🌹🌹🌹 Мейірбикелер – Денсаулық сақтау қызметкерлерінің ең басым бөлігін құрайды. Дәл осы мейірбикелеріміз ауруына шипа іздеген жандарды бабын тауып күтім жасайды,сондай – ақ медициналық құжаттарды жүргізетін де аяулы мейірбикелеріміз.
Адам жанының арашасы, жанашыры, бірінші болып көмекке келетін мейірбикелерге күн сайын алғыс айтсақта аздық етпес.💐
Қадірлі Қалалық паллиативтік көмек орталығының мейірбикелер қауымы, Сіздерді бүгінгі кәсіби төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Отбасыларынызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарынызға табыс тилейміз. Жұмыстарыңызға деген адалдық пен шыдамдылықтарыңыз үшін мың алғыс айтамыз. Дертіне дауа іздеп келген жандарға жасаған қамқорлықтарыңыз өздеріңізге мың есе жақсылық болып қайтсын!

https://www.instagram.com/p/CsOYW2fMtal/?igshid=NjFhOGMzYTE3ZQ%3D%3D

Халықаралық мейіргерлер күнімен