Бүгін Алматы қаласының Паллиативтік көмек көрсету орталығына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Альназарова Ақмарал Шәріпбайқызы жұмыс сапарымен келді.
Күні-түні жұмыс істейтін стационар жағдайында паллиативтік көмекті ұйымдастыру мәселесі туралы баяндалды. Нозология құрылымында басым бөлігін цереброваскулярлық аурулар (ауыр инсульттің салдарлары) – 44% құрайды, екінші орында онкологиялық аурулар – 25%, одан кейін жүрек-қантамыр жүйесі аурулары – 18%, қант диабеті – 6%, басқа аурулар – 7%.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Альназарова А.Ш. ағымдағы жағдай мен паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастырудың проблемалық мәселелері бойынша талдау анықтамасын дайындауды және оны жұмыс кеңесінде талқылап, жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.

