2026 жылдың алғашқы көшпелі кездесуі

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен жұмыстың сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерде дәрігерлермен кездесулер өткізілуде. Биылғы жылдың алғашқы кездесуі 2026 жылдың 1 сәуірінде №36 қалалық емханада Наурызбай ауданындағы мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдардың учаскелік дәрігерлері мен онкологтарымен өтті. Кездесу барысында қатысушыларға паллиативтік көмектің негізгі міндеттері, ҚПКО-ға жоспарлы госпитализациялау көрсеткіштері, сондай-ақ пациенттерді ГБ порталына енгізу үшін қажетті зерттеулер тізбесі туралы толық ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, Орталықтың атқарып жатқан қызметі, аудан емханалары тарапынан жолданған науқастар туралы мәліметтер баяндалып, өзекті мәселелер талқыланды.