Бүгін Алматы қаласының Паллиативтік көмек көрсету орталығына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Альназарова Ақмарал Шәріпбайқызы жұмыс сапарымен келді. — ҚАЛАЛЫҚ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ

Бүгін Алматы қаласының Паллиативтік көмек көрсету орталығына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Альназарова Ақмарал Шәріпбайқызы жұмыс сапарымен келді.
Күні-түні жұмыс істейтін стационар жағдайында паллиативтік көмекті ұйымдастыру мәселесі туралы баяндалды. Нозология құрылымында басым бөлігін цереброваскулярлық аурулар (ауыр инсульттің салдарлары) – 44% құрайды, екінші орында онкологиялық аурулар – 25%, одан кейін жүрек-қантамыр жүйесі аурулары – 18%, қант диабеті – 6%, басқа аурулар – 7%.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Альназарова А.Ш. ағымдағы жағдай мен паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастырудың проблемалық мәселелері бойынша талдау анықтамасын дайындауды және оны жұмыс кеңесінде талқылап, жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.

Бүгін Алматы қаласының Паллиативтік көмек көрсету орталығына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Альназарова Ақмарал Шәріпбайқызы жұмыс сапарымен келді.