Біз аккредитациядан өттік! Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі ресми түрде расталды — ҚАЛАЛЫҚ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ

Қуанышпен хабарлаймыз, Қалалық паллиативтік көмек орталығы белгіленген талаптарға сәйкес аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті. Алынған аккредитациялық мәртебе көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасын, қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін, сондай-ақ біздің мамандардың кәсібилігін растайды.

Аккредитациядан өту – ұйымымыздың медициналық қызмет көрсету сапасының талаптарға сай екендігін және денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құжаттарда белгіленген барлық талаптарға сәйкес келетінін айғақтайды.

Бізге сенім білдірген пациенттерімізге алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да медициналық көмекті ең жоғары деңгейде көрсету үшін жұмыс істей береміз.

Біз аккредитациядан өттік! Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі ресми түрде расталды