Қазақстан Республикасындағы паллиативтік көмекті ұйымдастыру жүйесімен танысу және пікір алмасу мақсатында Қалалық паллиативтік көмек орталығына ДДҰ-ы (WHO) Еуропалық бюросының паллиативтік көмек жөніндегі техникалық кеңесшісі Джули Линг Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің паллиативтік көмек жөніндегі штаттан тыс бас маманы, Қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығының Президенті Гульнара Жайлигалиевна Күнировамен бірге келіп кетті.
Джули Линг Қалалық паллиативтік көмек орталығының құрамымен, жүргізіліп отырған жұмыстармен танысты.
Қызметкерлер мен аурулармен пікір алысып, орын алып отырған проблемалармен танысты.
Эксперт паллиатиктік көмек көрсету барысындағы негізгі жайттарға тоқтай отырып, Европадағы паллиативтік көмек көрсету қызметінің дамуының тарихына шолу жасады.
Сонымен бірге Орталық қызметкерлерін Европадағы хоспистік көмектің ұйымдастыру жүйесімен танысуға, паллиативтік көмектің пионер-мемлекеттерінің тәжірибесімен бөлісуге шақырды.
https://www.instagram.com/p/Crx11nYMvbB/?igshid=YmMyMTA2M2Y%3D