Мейіргерлер Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің ең көп және маңызды санаттарының бірі болып табылады. Олардың көшілігі үшін қамқорлық пен көңіл бөлуді қажет ететін науқастарға қызмет көрсету өмірлік парыздарына айналған. Медициналық мекемедегі пациент үшін ең жақын және ең сенімді адамға айналатын да осы мейіргер.
8 мамыр күні Мекемемізде бүкіл әлемде 12 мамырда аталынып өтілетін Халықаралық Медбикелер күніне орай, «Үздік мейіргер» номинациясы бойынша, орта буын медицина қызметкерлері арасында байқау өткізілді. Біздің мейіргерлер өз кәсіби міндеттерін жақсы атқарып қана қоймай, ән мен биді де жақсы орындайтынын, жалпы шығармашылықпен айналысатын тұлғалар екенін білдік. Барлық қатысушылар кәсіподақ тарапынан алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осы тамаша, асыл мамандықтың барлық өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар медбикелердің жанқиярлық еңбегін ризашылықпен еске алып, қамқорлық көрсеткендері үшін алғыстарын білдіреді. Біз барлық мейіргерлерге алғысымыз бен ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Жұмысыңызға берілгендігіңіз және пациенттерге деген мейірімді және сезімтал көзқарасыңыз үшін рахмет! Адал еңбегіңіз бен шыдамдылығыңыз үшін рахмет!
Кәсіби мерекелеріңізбен, ардақты мейіргерлер!
Халықаралық мейіргерлер күні!