Хабарландыру
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ-дағы «Қалалық паллиативтік көмек орталығы» КМК-ның директорының 2024 жылғы 10 шілдедегі №94 бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 25 шілде – 23 тамыз аралығында келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды:
– Кәсіпорынның қызметіне байланысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
-Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жоспарланған іс-шара бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер 2024 жылдың 24 шілдесіне дейін көрсетілген электрондық поштаға қабылданады: compliance_gcpp@mail.kz және мекен-жайы: Алматы қ., Байзақов көшесі 295, тел.: 8 (701) 389-09-25.