Жалпы қалалық сенбілік! — ҚАЛАЛЫҚ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ

Бүгін Қалалық паллиативтік көмек орталығының командасы жалпықалалық сенбілікке қатысты!

Біз қаламыздың тазалығы мен көркін сақтау — адамдарға деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті көрсетудің тағы бір жолы екеніне сенімдіміз. 💚

🙌 Бірге біз аумақты тазартып, оны барлық тұрғындар үшін жайлы әрі көрікті еттік.
Осындай игі істер бізді біріктіріп, бөлісуге аса қажет энергия сыйлайды!

✨ Сенбілікке қатысқан әрбір жанға алғыс айтамыз! Қаламыз күн сайын көркейе берсін.

Жалпы қалалық сенбілік!