Пациенттерді қолдау қызметі – ҚАЛАЛЫҚ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ

Қалалық паллиативтік көмек көрсету орталығында пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі жұмыс істейді.
Егер сіз медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз; медициналық персонал тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша қаражатын сұрау фактілеріне тап болсаңыз; сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібіне және сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, 8-727-341-00-33 сенім телефоны арқылы пациенттерді қолдау қызметіне хабарласуыңызды немесе орталықтың поштасына info@gcpp.kz жазуыңызды сұраймыз

Пациенттерге қолдау көрсету қызметі Сіздің өтінішіңізді ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде қарайды және өтінішті қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді. Біздің ұйымның медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін сіздің өтініштеріңіз, пікірлеріңіз бен тілектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
«Назар аударыңыз! «Пациенттерді қолдау қызметі» айдарындағы сұрақтар не ақпарат электрондық өтініштер болып табылмайды және «Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қарастырылуға жатпайтынын ескертеміз

 «Назар аударыңыз! Сұрақтар немесе «Алматы қаласы паллиативтік көмек қалалық орталығының директорына сұрақ қою» айдарындағы ақпарат электрондық өтініштер болып табылмайды және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қарастырылмайды». 

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Байзаков көшесі 295